Жаңалықтар
Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2023
- 533
Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. 15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.
– Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Сондай-ақ 22 жастағы шетелдік осы жылдың шілде айында Ресей Федерациясы ІІМ-нің кісі өлтіргені үшін Челябинск қаласы бойынша мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды. Ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 5-бөлігінің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ekibastuz-politsejleri-memleketaralyq-izdeude-zhurgen-sheteldik-azamatty-ustady/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Футболдан Қазақстан құрамасы Алматыға "көшеді"
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
️Президент: «Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет»
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 желтоқсан, 2025






