Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 08.00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала