Жаңалықтар

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С. Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.