Жаңалықтар

Екібастұзда сауда орталығының төбесі құлап түсті

Бұл ақпарат туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады

Екібастұзда сауда орталығының төбесі құлап түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқыс оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

- Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбесі опырылып қалған, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, сауда-ойын-сауық орталығында жүрген адамдардың барлығы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.