Жаңалықтар

Екібастұздағы ЖЭО учаскесі бастығының өліміне қатысты тың дерек шықты

Екібастұздағы ЖЭО учаскесі бастығының өліміне қатысты тың дерек шықты

«Екібастұз жылу энергиясы» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін. Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның мәліметі жарияланды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт қалалық басқармада тіркелген, қазір тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, бұған дейін Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы көліктен өлі табылғанын хабарлағанбыз.