Жаңалықтар
ЭКО көмегімен Қазақстанда 28 мың сәби дүниеге келді
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2022
- 368
ЭКО көмегімен Қазақстанда 28 мың сәби дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіздік жылдарында экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасы арқылы неше бала дүниеге келгені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасында экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы қолға алынғанына 27 жыл болды. Осы кезеңде 100 мыңнан астам ана көмекке жүгініп, 28 500 бала дүниеге келді», - деп жазылған министрліктің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.
Ведомствоның мәліметі бойынша, әлемде ЭКҰ арқылы дүние есігін ашқан адамның саны 10 миллионнан асып отыр.
«ЭКҰ арқылы дүниеге келген балалардың денсаулық жағдайының табиғи жолмен құрсаққа біткен балалардың денсаулығынан айырмашылығы жоқ. Баланың денсаулығына ата-анасынан берілетін тұқым қуалайтын қасиеттер, ананың жүктілік және босану кезіндегі күйі әсер етеді», - деп жазылған жауапта.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025