Жаңалықтар

Экология министрлігі Коряковка көлінде тұз өндірілетінін растады

Экология министрлігі Коряковка көлінде тұз өндірілетінін растады

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова бастаған ведомство өкілдері Павлодар облысындағы Корюковка көліне барды. Министрлік қызметкерлері, әкімдік өкілдері, экологтар және жергілікті тұрғындар көлді аралау кезінде мұнда тұз өндірілгенін атап өтті. Бірақ тұз өнеркәсіптік көлемде өндірілмеген. Негізінен, халық өз қажеттілігі үшін тұз жинаған. Коряковка көлі жазық ойпатта орналасқан. Көлдің ауданы шамамен 11 км2, ұзындығы 5,6 км, ені 1,5 км. Су айдынының ауданы 4,1 км2, тереңдігі 0,3-0,7 м. Көл тұзды шөгіндіден құралған. Тұз қабатының тығыздығы өзгермелі: 0,42-ден 0,76 м аралығында, орташа 0,61 м. Көл Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Көлге ең жақын орналаскан елді мекендер: Коряковка (батысқа қарай) және Кемеңгер (солтүстік-шығысқа қарай) ауылдары. Аудан жер бедері жазық құрғақ дала аймағында орналасқан. Коряковка ағынсыз көлге жатады. Сондықтан негізінен күзгі және қысқы жауын-шашын мөлшері есебінен толып отырады. Ол Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне кірмейді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар соңғы төрт жылда ауа-райына байланысты көл шынымен де тартылып кеткенін, бірақ бұл циклдік, климаттық жағдайлармен байланысты екенін атап өтті. Сапар қорытындысы бойынша көл аумағын көлік шиналарынан тазарту, учаскелік инспекторларға көлдің аумағына автокөлікпен кіруді бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.