Экология вице-министрі қолға түсті
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды Jambylinfo.
Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.
«Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл департаменті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз» делінген Антикор таратқан мәлімдемеде.Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабы бойынша өзге ақпарат жарияланбайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Экология министрлігінің Дубайда өткен көрмеге қатысуы кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалар ұсталғаны жайлы инсайдерлік мәлімет тараған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз