Экологтар Каспий теңізінің қызыл түсіне қатысты түсініктеме берді

Теңіздің қызыл түсіне қатысты зерттеу қорытындысы жарияланды
Экологтар Каспий теңізінің қызыл түсіне қатысты түсініктеме берді, хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандарының мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына байланысты 2025 жылдың 12 ақпан күні теңіз суынан сынама алып, химиялық және мұнай өнімдеріне талдау жұмыстарын жүргізген болатын.
— Талдау қорытындысына сәйкес ластаушы заттар анықталмады. Бәрі қалыпты болып шықты. Балдырлар суға қою қоңыр, қызыл түс береді. Бізде қар жауып, осы жолы құбылыс айқынырақ көрінді. Балдырлар таяз суда, атап айтқанда, біздің жағалауда өседі. Олар бар жерлерде судың түсі өзгеріп тұрады. Әрине, біз бұл табиғи құбылыс туралы білсек те, судың күйін тексеруге міндеттіміз, - дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.
Бірақ, теңізден сынама қорытындысы бойынша қауіпті ештеңе анықталмаған.