Екпе салу - қауіптің алдын алу
Бүгінгі таңда коронавирус індеті қайта өрши түскені белгілі. Осы себепті барлық өңірлерде дүниені дүрліктірген дерттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты
№26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Мекеменің медициналық-сауықтыру тобының фельдшері, әділет майоры Аида Мұсаева бастаған ақ халаттылар әрбір сотталғанның денсаулығын бақылауға алып, індетпен күресуде. Айта кетейік, ақ халатты абзал жандардың негізгі мақсаты - мекеме аумағында осы дертті түбегейлі жою.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала