Жаңалықтар

Екпе салу - қауіптің алдын алу

Екпе салу - қауіптің алдын алу

Бүгінгі таңда коронавирус індеті қайта өрши түскені белгілі. Осы себепті барлық өңірлерде дүниені дүрліктірген дерттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Мекеменің медициналық-сауықтыру тобының фельдшері, әділет майоры Аида Мұсаева бастаған ақ халаттылар әрбір сотталғанның денсаулығын бақылауға алып, індетпен күресуде. Айта кетейік, ақ халатты абзал жандардың негізгі мақсаты - мекеме аумағында осы дертті түбегейлі жою.