Жаңалықтар

Экс-президент Астана атауының елордаға қайтарылуына қарсы болған жоқ

Экс-президент Астана атауының елордаға қайтарылуына қарсы болған жоқ

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауының елордаға қайтарылуына қарсы болған жоқ. Бұл туралы Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді. «Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұған мүлдем қарсы емес екенін анық білемін. Ол оқаламыздың, астанамыздың негізін қалаушы, сәулетшісі ретінде 2003 немесе 2004 жылдары астанаға атау берді. Бұл оның бастамасы болды және ол ұзақ уақыт бойы елорданың атын өзгертуге қарсы болды. YouTube сайтынан да оның барлық мәлімдемелерін табуға болады. Сондықтан, осы тұрғыдан алғанда, мұндай шешім күтіліп отырғанын тағы бір айта кетейін деп ойлаймын», - деді Ертісбаев YouTube-тегі Ertysbayev Live арнасында.