Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты іс сотқа жолданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2025
- 588
Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған.
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді", - делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманованың ұсталғаны белгілі болған еді.
Ұлттық киімдер күніне орай ерекше іс-шара өтті
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






