жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 20 қызметкер марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 20 қызметкер марапатталды
ашық дереккөзі
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 20 қызметкер марапатталды
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде (қоныс колониясы) ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Онда мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков жеке құрам қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтады. - Егемендікті нығайтуда ішкі істер органдары ерекше рөлге ие. Тәртіп пен азаматтардың өз қауіпсіздігіне деген сенімі олардың кәсібилігі мен нақты жұмысына байланысты. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Көк байрағы желбіреген, бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын! ҚАЖ қызметкерлері азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек етіп, алдыңғы шепте жүреді. Осынау мерекелік күнде барлық қызметкерлерге мінсіз қызмет атқарғандары үшін алғыс айта отырып, еңбектеріне табыс, барлық бастамаларына сәттілік тілеймін!, - деді Б.Шарипбеков. Айта кетейік, жиын соңында қызметінде ерекше көзге түскен 20 қызметкерлерге алғыс хат табыс етті. Айнура Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар