Елде 1 қазаннан бері 800 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған
Елде 1 қазаннан бері 800 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді Жыл сайын қазаннан бастап сәуірге дейінгі аралықта жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану маусымы байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша алдағы эпидемиялық маусымда вирустың үш штамы: A(H1N1), A(H3N2) және B өзекті. Олар 2022-2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген, - деп атап өтті ведомство өкілі.