Елде банкаралық комиссия мөлшері төмендейді
Елде банкаралық комиссия мөлшері төмендейді
Ұлттық банк пен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері келісімшартқа қол қойды. Келісім талабына сәйкес, елде жұмыс істейтін төлем карталарының комиссиясы бірден 2 есе арзандауы керек. Шекті мөлшерлемесі төмендеген соң комиссияны кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең 2025 жылы басталады. Алғашқы кезеңде 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде тағы 1%-ға дейін арзандайды. Мұндай тәсіл банк комиссиясын төлеуге кететін бизнес шығынын азайтпақ.