сенбі, 23 қараша, 2024 7:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елдегі барлық су қоймасын жөндеуге 2 трлн теңге қажет – министр

Елдегі барлық су қоймасын жөндеуге 2 трлн теңге қажет – министр
ашық дереккөзі
Елдегі барлық су қоймасын жөндеуге 2 трлн теңге қажет – министр
Қазақстанда барлық су қоймасын реконструкциялауға және жөндеу шамамен екі триллион теңге қажет. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, министрлік су шаруашылығы құрылыстарын, соның ішінде су қоймаларын түгендеген. Республикад 400-ден астам су қоймасы бар.
«Біз жергілікті атқарушы органдармен бірге кешенді жоспарды пысықтауымыз керек. Бүгінде кешенді жоспар бекітілді. Жергілікті органдармен келіскен бүкіл жұмысты орындауға шамамен екі триллион теңге қажет. Оған су қоймалары ғана емес, ирригациялық жүйелер де кіреді, цифрландыру, су үнемдеу технологиялары бар», деді Нұржігітов.
Бүгін үкіметте 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы бекітілді. Оған сәйкес, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау көзделіп отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар