Елдің біраз бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.
Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала