Елдің сүйіктісі Абиба Абужақынова Париж татамиіне тағы да шығады
Ол дзюдодан 3 тамызда өтетін аралас командалық жарысқа қатысады
Үшінші тамыз күні Қазақстан дзюдошылары командалық құрамда бразилиялық балуандармен белдеседі.
Командалық сында еліміздің намысын Абиба Абужақынова, Эсмигүл Куюлова және Камила Берліқаш қорғайды.
Айта кетейік, Абиба Абужақынова командалық сынға 57 келі салмақта күреседі.
Еске салайық, 27 шілдеде Абиба Әбужақынова жекелей сында 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Өкінашке қарай жерлесіміз қола жүлде үшін жарыста жеңіліп, бесінші орын алды.