Жаңалықтар

«Елдос Сметов 32 жасқа толды»: Ақмарал Науатбек жерлес ағасын ерекше құттықтады

9 қыркүйек Елдос Сметовтың дүниеге келген күні

Дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов бүгін яғни 9 қыркүйек күні 32 жасқа толды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Чемпионның туған күніне орай, Қазақстан спорт тарихында пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш параолимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбектің жерлес ағасын ерекше құттықтады.

«Туған күніңіз құтты болсын, Елдос аға! Жасай беріңіз! Енді суретке алтын медальмен түсу керек» ,-деп жазды Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, Елдос Сметов 1992 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған.