сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елдос Сметов әлем чемпионатында үш қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Елдос Сметов әлем чемпионатында үш қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты
Сурет:ашық дереккөзден алынды
Бүгін Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлем біріншілігі басталды

Жерлесіміз, әлем чемпионы, Рио, Токио олимпиада ойындарының  жүлдегері Елдос Саметов жарыс жолын жеңіспен бастады, -деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Дзюдодан әлем чемпионаты "Қазспорт" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Елдос Сметов алғашқы белдесуін Дука Дата Чу (Вьетнам) өткізіп, қарсыласынан шидо  әдісімен басым түсті.

Жерлесіміз екінші айналымда Оңтүстік Корея елінің балуаны Вон Джин Киммен айқасып айласын асырса, үшінші айналымда ол бразилиялық Мишель Аугустомен кездесіп, санаулы секундта жеңіске жетті. 

Осылайша, Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалына шықты. 

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Ғалия Тыныбаева бірінші айналымда  бразилиялық қарсыласы Аманды Лимиды жеңгенімен, келесі айналымда испан балуаны Лаура Мартинез Абелендадан жеңіліп қалды.

 

 

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар