Жаңалықтар

Елдос Сметов - Париж олимпиадасының чемпионы

Елдос Сметов финалда татами иесі франциялық Лука Мхекидзені жеңді

Париж олимпиадасында дзюдодан ерлер арасында 60 келі салмақта қазақстандық Елдос Сметов финалда франциялық Лука Мхекидзені жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Париж олимпиадасы - жамбылдық жампоздың үшінші олимпиадасы. 

Еске салайық, Елдос Рио-2016 олимпиадасында күміс, Токио-2020 олимпиадасында қола медаль алған еді.

Міне, енді 31 жастар спортшы олимп шыңын бағындырып отыр.