Жаңалықтар

Елдос Сметов өзіне тарту етілген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады

Чемпионның алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұл оны 5 жасынан бастап баптаған

Париж   чемпионы Елдос Сметов өзіне тарту етілген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тараз 24 арнасының жазуынша, бүгін Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т.Рысқұлов ауданына барды.

Халық чемпионын бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады.

Туған жеріне барған чемпион көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады.

Туған ауданының халқы Елдос Сметовке шапан жауып, ат мінгізді, көлік тарту етті.