Электронды вакцинация паспорты: Жүйеде қателіктер орын алса, не істеу керек
Электронды вакцинация паспорты: Жүйеде қателіктер орын алса, не істеу керек
Бүгінде электронды вакцинация паспортының қазақстандықтар үшін маңызы артуда. Себебі бұл құжат азаматтардың қаладағы нысандарға емін-еркін кіруін қамтамасыз етеді. Десек те, кейбір кездері жүйедегі ақаудың салдарынан электронды құжатты пайдалануда қиындықтар орын алуы мүмкін.
Электронды вакцинация паспорты профилактикалық егулердің алынғанын куәландырады. Бұл құжат "eGov Mobile" мобильдік қосымшасында вакцинацияның барлық кезеңдерінен қолжетімді болады. Паспорттағы ақпарат үш тілде көрсетіледі, мұнда азаматтың қай вакцинаны алғаны, қашан және қанша компоненті егілгені жазылады. Вакцинация паспорты бар тұрғындар “Ashyq” жүйесінде “жасыл” статусқа ие болады. Бұл дегеніміз оның қаладағы мекемелерге еш кедергісіз кіруіне рұқсат береді.
Егер цифрлық құжаттар арасында вакцинация паспорты жоқ болса, не істеу керек?"Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, жаңарту таңбасын басу арқылы деректерді жаңарту қажет. Вакцинация паспорты егудің толық курсын алғаннан кейін ғана қалыптасатынын түсіну керек. 2 компонентті вакцина үшін – вакцинация паспорты екпенің 2-ші дозасын алғаннан кейін ғана пайда болады. Егер жаңартудан кейін құжат пайда болмаса, вакцинацияланған азамат туралы деректерді енгізудің дұрыстығын растау үшін азамат вакцина алған медициналық ұйымға жүгіну немесе 1414 анықтамалық нөмірі бойынша Call-centre-ге қоңырау шалу қажет. Егер вакцинация паспортындағы QR-кодты оқу мүмкін болмаса, не істеген жөн? Мобильді қосымшаға басқа смартфоннан кіріп көріңіз және цифрлық құжаттарда Вакцинация паспортын қалыптастырыңыз. Азаматтың вакцинациядан өткенкендігі туралы анықтама алу үшін вакцинаны алған медициналық ұйымға жүгіну немесе 1414 анықтамалық нөмірі бойынша Call-centre-ге қоңырау шалу қажет. Егер азаматтың вакцинация паспортындағы аты-жөні жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерден өзгеше болса, кімге жүгіну қажет? Азаматтың аты-жөні бойынша деректер медициналық ұйымда тіркелген ЖСН негізінде Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан келеді. Деректерде айырмашылық анықталған жағдайда 1414 анықтамалық нөмірі бойынша Call-centre-ге жүгіну қажет. Егер вакцинация паспортындағы вакцина алу мерзімі дұрыс көрсетілмесе, не болады? Вакцинация кезеңдерін өту күнін дұрыс көрсетпеу Ashyq қосымшасында мәртебенің дұрыс көрсетілмеуіне себепші болуы мүмкін. Қосымша вакцинацияланғандардың дерекқорымен интеграциланған және вакцинациялану күндері дұрыс көрсетілмеген жағдайда өзекті мәртебе көрсетілмейді. Вакцинация паспортындағы қателіктер үшін кім жауапты? Егер вакцинаны алған күні, вакцинаның атауы бойынша қате ақпарат көрсетілсе, жүйеге деректерді енгізген медициналық ұйым вакцинация паспортындағы қателіктер үшін жауапты болады. Егер азаматтың вакцинация паспорты жалған екені анықталса, онда цифрлық құжат жойыла ма? Егер азаматтың жалған аакцинация паспортын жасатқаны туралы мәліметтер анықталса, дерекқорда вакцинация паспортын жою уәкілетті органдардың бұл фактіні растайтын хаттарымен немесе жалған вакцинация паспорты туралы құжаттары қоса берілген ресми хат негізінде жүргізіледі.