Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіден жеңілді

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA-1000 турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 21 ақпанда Дубайдағы WTA-1000 турнирінің жартылай финалында ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, үш сеттен тұратын тартысты матчта жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірінші сетте ресейлік теннисші сенімді өнер көрсетіп 4:6 есебімен жеңіп алды. Ал екінші сетте Елена 6:4 есебімен жеңіп, есепті теңестіре алды. Үшінші сетте Андреева сенімді ойнап, турнирдің финалына жолдама алды.
Турнирдің финалында Андреева чехиялық Каролина Мухова мен даниялық Клара Таусон арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.