Жаңалықтар

Елена Рыбакина қаңғыбас иттердің күтіміне қаражат аударды

Елена Рыбакина қаңғыбас иттердің күтіміне қаражат аударды

Спортшы қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаражат аударды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Сондай-ақ, теннисшіні қаңғыбас иттер орталығына шақырады. Ал, спортшының қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған. Еске салайық, биыл қаңтарда Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанған. Алған ақшасының бір бөлігін Елена қаңғыбас иттердің қамқорлығына аударатынын былтыр айтқан еді.