Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. WTA Live рейтингісінде қазірдің өзінде Е.Рыбакина 10-орыннан 8-сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші өзінің алдында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді басып озды. М.Саккари Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында белоруссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын. Өткен жылғы додада финалға дейін жеткен М.Саккари осылайша ұпайларын жоғалтты. Егер Елена Рыбакина жексенбі күні финалда А.Соболенконы ұтса, онда рейтингте 7-орынға шығады. Қай саты да Е.Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.