жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына өтті
Фото: olympic.kz
Бұл Елена үшін Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына екінші рет шығуы.

  Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы хард турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ширек финалда әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Рыбакина 28-орындағы украиналық Марта Костюкпен кездесті. Ойын мерзімінен бұрын аяқталды – Костюк оң білегіндегі ауырсынуға байланысты екінші сет басталған соң кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Елена бірінші сетте сенімді жеңіске жетіп, 6:1 есебімен ұтты, ал екінші сетте 2:1 есебімен алда келе жатқанда қарсыласы ойынды тоқтатты. Жалпы теннисшілер алаңда 57 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық бір қос қателік жіберіп, 11 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

 Келесі кездесуде ол әлемдік рейтингте 85-орында тұрған канадалық Виктория Мбокомен ойнайды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар