Жаңалықтар

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты

The final spritzer

Қазақстандық спортшы неліктен мұндай шешім қабылдағаны белгісіз

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде  топ жарады деп үміт артылған Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатысудан бас тартты,  деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Теннисші  не себепті Олипиадаға қатысудан бас тартқаны әзірге белгісіз. 

Олимпиаданың ресми сайтында Қазақстан атынан қатысуға тиіс болған Елена Рыбакина жеке және аралас жұптық бәсекеден алынып тасталғаны белгілі болды. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді.

Спортшының алғашқы қарсыласы да белгілі болған.