дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміз бойынша 77 балаға ағза доноры керек

Еліміз бойынша 77 балаға ағза доноры керек
ашық дереккөзі
Еліміз бойынша 77 балаға ағза доноры керек

Ұлттық ғылыми онкология орталығында трансплантацияның жаңа бірегей технологиясы енгізілді.

Орталық базасында алғаш рет трансплантолог-хирургтар туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады. Бұл – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы әлемнің кейбір елдерінде жасалады, бірақ сирек. Бүйрек трансплантациясы - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттер үшін бүйректі алмастыратын терапияның оңтайлы әдісі. Алайда емдеудің осы әдісі бүкіл елдерде қолда бар донорлық органдардың тапшылығынан айтарлықтай шектелген. Тірі донордан бүйрек алмастыру - мәселені жеңудің нақты жолдарының бірі. 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3 566 пациент органын трансплантациялауға мұқтаж. Оның ішінде 77 бала бар. Ағза алмастыруға мұқтаждар саны: - бүйрекке - 3 154 ересек адам, 60 бала; - бауырға - 169 ересек, 8 бала; - өкпеге мұқтаж 17 ересек адам бар; - 147 ересек адамға, 6 балаға жүрек керек; - 2 ересек адамға, 3 балаға «жүрек-өкпе» бірге қажет. Бірнеше сағатқа созылған операция барысында 35 жастағы науқасқа донорлық орган сәтті трансплантацияланды. Ш. есімді науқас «бесінші сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы» диагнозымен келіп түсті, екі жыл бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Бұл реципиентте қан тобына сәйкес келмейтін донор болды. Десенсибилизациялаушы ем жүргізгеннен кейін пациентке туыстық донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. «Донор-реципиенттің» жай-күйі жасалған операцияның уақыты мен ауырлығына сәйкес келеді, бірқалыпты. Қазір олар белсенді, төсектен тұрып, ары-бері жүре алады. Бүгінгі таңда реципиент үйіне шығарылды, функцияларын қалпына келтіру үшін трансплантацияланған органдардың белсенді терапиясы жалғасып жатыр.   Бұл технология орталықтың органдарды трансплантациялау бөлімшесінде әрі қарай дами береді. Дереккөз: EL.KZ 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар