Жаңалықтар

Елімізде 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

Елімізде 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

Дәлірек айтқанда, «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп балалы I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (25 530 теңге) өседі. Қазіргі таңда 6, 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Енді марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.