Жаңалықтар

Елімізде 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Елімізде 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың соңына дейін пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектар жерді қайтару жоспарлы мерзімінен бұрын орындалды. Сондай-ақ, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін, Ауыл шаруашылығы миннистрлігінің жер инспекторлары ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған субъектілердің 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін игеруге кірісті», - делінген хабарламада.