Елімізде 544 000 адам таза ауыз сумен қамтылмаған
Қазақстанда 1500-ден астам елді мекен таза ауыз суға зәру. 544 мың тұрғын әлі күнге дейін тіршілік нәріне жарымай отыр. Бұл аздай гидротехникалық құрылғылардың 90% тозған, деп хабарлайды «Жамбыл инфо» Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап .
Мәселені шешу үшін су кодексін қабылдау көзделіп отыр. Бүгін бұл мәселе Мәжілісте қаралды. Депутат Еділ Жаңбыршин тығырықтан шығу үшін су мәселесімен айналысатын министрлік құруды ұсынды. Өйткені ахуал көңіл көншітпейді. БҰҰ есебінше, 2030 жылға қарай әлемде су тапшылығы 40% жетуі мүмкін. Тіпті, су қара алтыннан да қымбат болады деген болжам бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025