Жаңалықтар

Елімізде 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр

Елімізде 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр

Қазақстанда 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Комитет өкілі аталған 4 басым санаттың әрқайсысы бойынша қанша адам баспана кезегінде тұрғанын атады. «Біріншісі – көпбалалы отбасылар. Олар – 91 мың азамат. Екіншісі – бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Мұндай 51 мың азамат бар. Үшіншісі – мүгедектігі бар баласы бар отбасылар, 24 мың азамат кезекте тұр. Төртіншісі – жетім балалар, 61 мың азамат тұр», - деді Бауыржан Қабдол.