бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 15:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 670-тен астам теміржол учаскесін су басуы мүмкін

Елімізде 670-тен астам теміржол учаскесін су басуы мүмкін
ашық дереккөзі
Елімізде 670-тен астам теміржол учаскесін су басуы мүмкін
Елімізде 670-тен астам теміржол және 482 автомобиль жолы учаскесін су басу қаупі бар. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Мемлекеттік органдар су тасқыны жағдайын болжау үшін Қазақстан аумағына төнген табиғи қауіптер мен апатты құбылыстар туралы дауылды ескертулерді ұйымдастыруда ресми ақпараттық қызмет көрсету құқығы бар, жалғыз жауапты орган саналатын «Қазгидромет» РМК мәліметтерін пайдаланады. Бұған қоса, мемлекеттік органдар Жайық, Сырдария, Талас, Шу трансшекаралық өзендерінің су тасқыны жағдайына болжам жасау үшін Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның гидрометеорологиялық қызметтерінің болжамды мәліметтерін пайдаланады», - деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, «Қазгидромет» мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 11 наурызында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өзен бассейндеріндегі ылғалдылық көлемі орташа көпжылдық мәннен жоғары болып отыр. Сонымен қатар Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жер тоңының қалыңдығы да өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. «Бұған қоса, аталған өңірлерде қар жиналу процесі жалғасып жатыр. Осылайша, ауа температурасы күрт жылынып, қар еритін болса, онда 276 елді мекенді (270 мыңнан астам адам тұрады), автомобиль жолдарының 482 учаскесін, теміржолдың 673 учаскесін, 59 автомобиль көпірін су басу қатері бар», - деді Асқар Мамин.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар