Жаңалықтар

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы келесі жылға дейін жалғасуы мүмкін

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы келесі жылға дейін жалғасуы мүмкін

Ұлттық банктің хабарлауынша, бағдарламаға бөлінген 1 триллион теңге әлі толық игерілген жоқ.  Қалған ақша шамамен 240 миллиард теңге. Оған 17 мыңға жуық ипотекалық несие рәсімдеуге болады дейді Ұлттық банктегілер.  Қазір қарыз алуға өтініштердің көбі Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе мен Қарағандыдан түсіп жатыр.  Ал қаржы толық игерілген соң «7-20-25» бағдарламасы жабылады.