сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 9:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі заң бұзған

Елімізде 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі заң бұзған
Ашық дереккөз
Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады

Тексеру барысында 46 мың көлік қаралып, 1 080 шетелдік азаматтың жеке тасымал қызметімен айналысқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан. 234 шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік азамат ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.  Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылды», - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Рейд нәтижесінде заңсыз тасымал мәселесіне қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар