Жаңалықтар

Елімізде Астана есімді 26 адам бар

Елімізде Астана есімді 26 адам бар

Астана күні қарсаңында қызықты дерек: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Астана есімді 26 адам тұрады, оның 18-і ер, 8-і әйел. Бұл ретте елорда құрметіне 17 адамға Астана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған. Балаларына «Астана» сөзі кездесетін есім қойған қазақстандықтар да бар. Бұл қыздар арасында Астанай және ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есімдер. Ал елордалық «Байтерек» монументінің құрметіне 41 адамның, қазақ транскрипциясында 31 адамның есімі «Бәйтерек». «Әй Астана, қашанғы ұйықтайсың, тұр ұйқыңнан?!» деп айқайлайтын шығар ата-аналары таңертең.