сейсенбі, 8 қазан, 2024 5:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде автогаз бағасы көтерілуі мүмкін

Елімізде автогаз бағасы көтерілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Елімізде автогаз бағасы көтерілуі мүмкін

Астанада – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін, Алматыда – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін, Шымкентте – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін жоғарылауы ықтимал, деп хабарлайды Жамбылинфо.

Zakon.kz мәлім еткендей, Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес, олар автогаздың бағасын келесі аймақтарда келесі мөлшерде өсіруді жоспарлап отыр:
  • Астана – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
  • Алматы – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;
  • Шымкент – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елді мекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;
  • Ақмола облысы – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;
  • Жамбыл – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;
  • БҚО, Қызылорда, Түркістан – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;
  • Павлодар – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін.
Жоба 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық құқықтық реттеу порталында орналастырылған. Еке салсақ, автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Осыған байланысты министрлік жобаны Ашық НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар