дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады
ашық дереккөзі
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады
2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, еліміз халқының саны 19,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. 2020 жылдың осы кезеңінде елде 18,8 млн адам болды Өңірлерді жеке қарастырғанда, тұрғындардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 2,1 млн адам. ТОП-3-ке Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы (2 млн адам) кірген. Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: 539,4 мың адам. 2021 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша, елде Қазақстан есімді 24 адам тұрады. Қазақстан есімді адамдардың басым бөлігі Ақмола облысы мен елордада тұрады – әр өңірде 6 тұрғыннан бар. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында – төрт, Қостанай облысында – үш, Шымкент қаласында – екі, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бірден Қазақстан есімділер тұрады. Қазақстандықтар балаларына еліміздің ірі қалаларының аттарын да берген (ҚР-да олардың 18-і тұрады). Елімізде 28 – Семей, 21 — Алматы, 18 Түркістан есімді адам бар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар