жексенбі, 24 қараша, 2024 5:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде азық-түлік арзандайды

Елімізде азық-түлік арзандайды
ашық дереккөзі
Елімізде азық-түлік арзандайды
Қаржы министрі Қазақстанда азық-түлік арзандайды деп болжам жасады. Доллар бағамының түсуі азық-түлік құнының арзандауына әсер етеді – дейді министр Ерұлан Жамаубаев. Осыған дейін доллар көтерілгенде ас-судың, әсіресе импорт тауарлардың бағасы шарықтағаны белгілі. Қаржы министрі алдағы екі-үш айда инфляция да төмендейді деп сендіріп отыр. Кешеден бері қор биржасында АҚШ ақшасының айтарлықтай арзандағаны байқалады. Ал оның азық-түлік құнына әсер етуі үшін теңгенің нығаюы уақытша құбылыс болмауы керек дейді экономистер. Олардың болжамынша, дүкен сөрелеріндегі бағаның түсуіне жарты жылдай уақыт қажет. «Бастысы, доллар бағамының әрі қарай да төмендеуінде. Егер теңге бірнеше ай бойы күшеюін жалғастырса, сол кезде ғана бағаға қандай да бір әсерін байқайтын боламыз. Мұндай тәжірибе қазақстандықтарға бұрыннан белгілі. Кем дегенде жарты жыл керек. Теңгенің күшеюі бір сәттік емес екеніне кәсіпкерлердің көзі жетуі қажет», – дейді экономика сарапшысы Андрей Чеботарев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар