бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 23:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде бала туу көрсеткіші төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші төмендеді
ашық дереккөзі
Елімізде бала туу көрсеткіші төмендеді
2022 жылдың 12 айында Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келген (446,4 мың – 2021): 51,5%-ы – ұл, 48,%-ы – қыз. 241,4 мың бала немесе туылғандардың жалпы санының 59,8%-ы қалада, 162,4 мыңы – 40,2% ауылды жерлерде дүниеге келген. “2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,57 құрады, 2021 жылы ол көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 23,50 туылған нәресте деңгейінде болды. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) тіркелді. Ең төмен туу көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,96) байқалды”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар