Елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексеріледі
Елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексеріледі
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, министрлік Антикормен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізіп жатыр. “Сараптаманың алдын-ала нәтижелері бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", - деді министр.