Жаңалықтар

Елімізде бір жылда отын бағасы 11,7% қымбаттады

Елімізде бір жылда отын бағасы 11,7% қымбаттады

Биылғы қазан айында ағаш отынының бір текше метрінің орташа бағасы 8 858 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда отын 11,7% қымбаттады. Өңірлерде баға 6 – 16 мың теңге аралығында құбылып тұр», - делінген мәліметте. Ағаш отыны ең қымбат өңірлер: Астана (1 текме метрі үшін 15 492 тг), Көкшетау (11 067 тг) және Өскемен (10 532 тг) қалалары. Отынды 8-9 мың теңге шегінде Шымкент (1 текше метрі 8 000 тг), Тараз (9 099 тг), Қарағанды (8 880 тг), Жезқазған (8 485 тг) және Петропавл (8 658 тг) қалаларында сатып алуға болады. Ең төменгі баға Орал қаласында тіркелген – 6 000 тг/м3.