жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді

Елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді
Сурет: ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр

«Балақайлар мектебі» бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрліктің мәліметінше, аталған бағдарлама мемлекеттік және жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген. 

«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
 

Айта кету керек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар