Жаңалықтар

Елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр

«Балақайлар мектебі» бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрліктің мәліметінше, аталған бағдарлама мемлекеттік және жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген. 

Айта кету керек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.