Жаңалықтар

Елімізде дәнді дақылдар алаңының 70% жуығы жиналды – министрлік

Елімізде дәнді дақылдар алаңының 70% жуығы жиналды – министрлік

Елімізде дәнді дақылдар алаңының шамамен 70% жиналды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні республиканың барлық өңірінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 11,3 млн га астық жиналды – бұл жоспардың 69,8 % құрайды. 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын). Оның ішінде, майлы дақылдар 337,5 мың га алқапта жиналды. Жалпы жоспардың 10% орындалып, 220,6 мың тонна бастырылды», - делінген ведомство мәліметінде. Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 66,5 мың га алқапта картоп жиналды, бұл – жоспардың 34%. Жиналған өнім 1,4 млн тоннаны құрайды. Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналған, бұл – жалпы алаңның 66%.