Жаңалықтар

Елімізде депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады

Елімізде депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады

Өтемақы алу үшін қазақстандықтардан 3 623 010 өтініш келіп түскен. Сонымен қатар өтемақы тек теңге депозиттеріне ғана төленеді. Айта кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы төлеуді көздейтін, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдарына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттарға қолданылды. Бағдарлама 2023 жылы 23 ақпанда аяқталды.