Жаңалықтар

Елімізде ең кедей үш өңір анықталды

Елімізде ең кедей үш өңір анықталды

2022 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысына сәйкес табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтін халық үлесі 5,3% (1 034 700 адам) құрады. Бұл туралы үй шаруашылықтарын зерттеу деректеріне сүйене отырып Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 2022 жылы өңірлер бөлінісінде ең кедей үш өңір анықталды: Түркістан облысы – 9,1%, Маңғыстау облысы – 8,8%, Шымкент қаласы – 7,2%.