Жаңалықтар

Елімізде енді дипломмен ғана жұмысқа тұру мүмкін емес

Елімізде енді дипломмен ғана жұмысқа тұру мүмкін емес

Қызметкерлер теориялық білімін практикада қолдана алатынын дәлелдеп, жұмыс берушіден сертификат алуға тиіс. Яғни қызметке тұру үшін бір ғана диплом жеткіліксіз. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Бұл ретте ол Әлеуметтік кодекске жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленеді.

Сондай-ақ ол «Кәсіптік біліктілік туралы» заң қабылданғаннан кейін қызметкердің нақты дағдысы мен құзыретін растайтын сертификат жұмысқа тұру барысында артықшылыққа айналатынын атап өтті.